Мектебімізде «Тәжірибеден – шеберлікке, еңбектен – нәтижеге!» атты тәлімгерлер апталығы басталды. Апталықтың шымылдығы дәстүрлі емес, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ламбада биімен түріліп, оқушыларға ерекше әсер қалдырды.April 23, 2026April 23, 2026
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектебімізде маңызды кездесу өткізілді.April 23, 2026April 23, 2026
Бүгін колледжімізде тәжірибелі педагог-профориентолог Омарбек Көшкімбайұлының қатысуымен семинар өтті.April 23, 2026April 23, 2026
Мектеп кітапханасында арнайы көрме, әдеби кеш, көрініс ұйымдастырылды.«Ұлт зиялылары – ұрпаққа мұра» Ұлт зиялылары – халықтың рухани тірегі, ел болашағын ойлаған көреген тұлғалар.Олар өз еңбегі, білімі мен шығармашылығы арқылы кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.Бүгінгі балалар – сол асыл мұраның жалғастырушысы. Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ұлттың азаттығы мен рухын жырлаған ұлы ақын.Оның шығармалары терең сезімге, биік арманға және туған елге деген сүйіспеншілікке толы. Қатысушылар: 9″Ә” сынып оқушылары, жетекшісі Дәулетова М.ОApril 14, 2026April 14, 2026
Кітап әлемінде» квест🦊 «Түлкі мен қырғауыл» – «Балалық шаққа саяхат» іс-шарасы туралы мәтінApril 14, 2026April 14, 2026
АСТАНАДА 18 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІР МЕЗЕТТЕ АСЫҚ ОЙНАДЫ Астанада 18 мыңнан астам бала бір уақытта қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын ойнады. Ауқымы жағынан ерекше бұл іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды. Цифрландыру жылы аясында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Ірі мәдени-спорттық шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Елордадағы Жекпе-жек сарайының алаңында 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысты. Олар арнайы композицияға тұрып, асықтың «Алшы» келбеті мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі. Музыкалық әуенмен балалар флешмобтың көркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады.�Бағдарламаны толықтай Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді. Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде – асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады. Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады. Мәдени-спорттық іс-шараның басты мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.March 18, 2026March 18, 2026
1 «Ә» сынып оқушылары мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, игі іс жасады. Оқушылар азық-түлік жинап, көмекке мұқтаж отбасыларға таратты. Кішкентай жүректердегі үлкен мейірім – қоғамға үлгі. Жақсылық жасау – әрқайсымыздың қолымыздан келедіMarch 18, 2026March 18, 2026