2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.
Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады. Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру
Қажетті құжаттар: Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
Баланың туу туралы куәлігі; Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі; № 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»;
Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті.
Ескерту: Мектеп әкімшілігі Сізден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан [https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk] және мектептердің сайттарынан білуге болады. Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.
Мектептер арасында балаларды ауыстыру: Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады: • Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда;
• Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда
(тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда); • Қазақстаннан тыс жерге шыққанда
(растайтын құжаттар ұсынылса); • Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін байланыс телефондары: 556870, 556881, 556887, 557462.