Салтанатты шараға 1 және 11-сынып оқушылары қатысып, білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндер мен үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақжарма тілектер айтылды. Шараның арнайы қонағы – «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы Дәулетова Мадина Оналбекқызы және педагогикалық ұжымның басшысы, мектеп директоры Киянов Алмаз Оралович оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Әрбір қоңырау жаңа білімге, жарқын жетістіктер мен үлкен белестерге бастай берсін!