Бүгін мектеп кітапханасында: 1-күн «Балалар әдебиеті» жобасы аясында 2 «Ғ» сыныбының оқушылары (сынып жетекшісі Кокулова Т.Ж.) қатысуымен балалар әдебиетіне арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар балалар әдебиетімен танысып, ертегілер оқып, сұрақ-жауаптарға белсенді қатысты.Балалар әдебиеті – бала қиялының бастауы. 1 «Ғ» сыныбымен өткен қызықты әдеби кездесу.Мектеп кітапханасында «Балалар әдебиеті» жобасы аясында 2 «Ғ» сынып оқушыларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар әдебиетінің маңызы туралы түсіндірілді, ертегілер оқылып, қызықты әңгімелер айтылып, оқушылар белсенді қатысып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.February 11, 2026February 11, 2026
«Заң мен Тәртіп» бағдарламасы аясында ата-аналарға салықтық жауапкершілік пен салық салу мәселелеріне арналған ақпараттық инфографика таратылды. Аталған материалдар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және салықтардың қоғам дамуына қосатын үлесін түсіндіруге бағытталды.В рамках проекта «Закон и порядок», среди родителей была распространена информационная инфографика, посвящённая вопросам налоговой ответственности и налогообложения. Материалы были направлены на формирование правовой культуры, повышение уровня гражданской ответственности и разъяснение роли налогов в социально-экономическом развитии общества.#адалазамат #заңжәнетәртіп #законипорядокJanuary 12, 2026February 11, 2026
📌 9 қаңтар күні мектебімізде ашық есік күні өтті.Ата-аналар 1-2 тоқсан нәтижелерімен танысып, пән мұғалімдерінен консультация алды.January 9, 2026January 20, 2026
📌 Бүгін біздің мектепте «Заң және тәртіп» айлығы және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.👮♂️ Іс-шарағаОКП-ның аға жедел уәкілі, полиция майоры Исахов Е. И. жәнеОКП-ның жедел уәкілі, полиция капитаны Сеилканов Р. С. қатысты.📚 Дәріс барысында ұрлық пен алаяқтықтың негізгі түрлері және олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.👨👩👧👦 Іс-шараға мектептің ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.January 9, 2026January 20, 2026
✨ Қуанышты жаңалық! ✨«Шабыт» жобасы аясында және №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған конкурста8 «б» сынып оқушысы Кузьменко Денис жүлделі 🥇 I орын иегері атанды! 👏🎶Жетекшісі: Исмағамбетова Мөлдір ИзатуллаевнаЖас өнерпазымызға шығармашылық табыс пен жаңа биіктер тілейміз! 🌟January 9, 2026January 20, 2026
«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» жобасы айлығының ашылуына орайҚР ІІМ Астана қаласының полиция учаскелік майоры Нұржан Ташкенбаевичтің қатысуымен сынып сағаттары өткізілді 👮♂️📘Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы туралы мазмұнды дәріс жүргізілді.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңды құрметтеудің қоғамдағы рөлі жайлы маңызды ақпарат алды.Мұндай кездесулер – саналы, тәртіпті, жауапты ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы! 🇰🇿✨January 8, 2026January 20, 2026
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан газетіне сұхбат берді. Сұхбат барысында мемлекет басшысы еліміздің экономикасының тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтіп, бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайтынын айтты. Алдағы басты мақсат – экономиканы әртараптандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.Сондай-ақ Президент инфляция, қаржылық тұрақтылық, бюджеттік тәртіп пен тариф саясатына ерекше назар аударып, қыс мезгілінде тарифтерді өсірмеу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.Сұхбат барысында туризмді экономиканың маңызды қозғаушы күшіне айналдыру, қандастарды қолдау, олардың елге бейімделуі мен жұмыспен қамтылуы мәселелері де сөз болды.Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзитіне қатысты алыпқашпа әңгімелерді жоққа шығарып, барлық реформалар ел мүддесі үшін жүргізіліп жатқанын атап өтті.January 5, 2026January 20, 2026
Қысқы демалыс күндері оқушыларымыз салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді демалысты таңдады. Коньки тебуге барып, таза ауада сергіп, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды. Бұл шара оқушылардың денсаулығын нығайтып, демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуге ықпал етті. ⛸️❄️✨03.01.2026жJanuary 4, 2026January 19, 2026
📢 Внимание!В нашей школе с 17 по 28 ноября пройдет традиционная декада по предметам Математика, Информатика и Физика.В рамках декады будут организованы познавательные мероприятия, конкурсы, викторины и открытые уроки.Приглашаем всех учащихся принять активное участие! 🌟November 21, 2025November 21, 2025