Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында мектебіміздің ер азаматтары ұжымдағы аруларды құттықтап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнады.March 18, 2026March 18, 2026
Астана қаласы әкімдігінің “Балаларға қосымша білім беру оқу -әдістемелік орталығы” КММ ұйымдастыруымен Астана қаласының мектептері арасында өткен «Әке мен бала – бір команда» сайысына қатысып, «Асық ату» номинациясы бойынша 7 «Ғ» сынып оқушысы Тұрсынәлі Әлрахман және әкесі Мекенбек Дәурен Тұрсынәлі III орын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!March 18, 2026March 18, 2026
Қасиетті Рамазан айында №25 мектеп ұжымы бірлесе отырып қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұжым болып азық-түлік жинап, мұқтаж отбасыға табыстадық. Жақсылық жасап, сауапты іске атсалысқан барша мектеп ұжымына алғысымыз шексіз! Бірлігіміз жарасып, мейіріміміз арта берсінMarch 18, 2026March 18, 2026
«Ыбырайдың балалық шағы»Мектеп кітапханасында «Балалар әдебиеті» жобасына10 «Ә» сыныбы оқушылары, пән мұғалімі Молдабекова М.Ш Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин – білім мен тәрбиенің шамшырағы. Оның балалық шағы – болашақ үлкен тұлғаның қалыптасу кезеңі.Ыбырай кішкентайынан зерек, алғыр, білімге құштар бала болған. Әкесі ерте қайтыс болғандықтан, оны атасы Балғожа би тәрбиелеп өсірді. Атасының ақылы мен өнегесі Ыбырайдың өмір жолына бағыт-бағдар берді. Ол жас кезінен әділдікке, еңбекқорлыққа, білімге ұмтылды.Қорыта айтқанда, Ыбырайдың балалық шағы – оның болашақ ұлы ағартушы болып қалыптасуының берік негізі болды. Білімге деген сүйіспеншілік пен табандылық оны биік мақсаттарға жетеледі. Сондықтан біз де Ыбырайдай білімге ұмтылып, армандарымызға сеніммен қадам басуымыз керек.February 17, 2026