Бүгін мектеп кітапханасында «Балалар әдебиеті»,«Кітап және тәрбие» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. 8»Ғ» сынып оқушылары, жетекшісі Раймаева А.ӘКітап – рухани тәрбие құралы.Қазақ әдебиетінде тәрбие мен ұлттық құндылықтарды терең насихаттаған тұлғалардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Жазушы шығармаларында: үлкенді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтау жауапкершілік адалдық пен әділдіксияқты қасиеттер дәріптеледі. Қорытындылай келе, Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлттық тәрбиенің алтын қазынасы. Кітап оқу арқылы біз рухани бай, саналы, білімді тұлға болып қалыптасамыз.Іс-шара негізгі бөлімінде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында ой қозғау сұрақтары ұйымдастырылды.Оқушылар «Кітап адамға қандай тәрбие береді?», «Қазіргі жастар кітапты не үшін оқуы керек?» сияқты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар белсенділік танытып, кітаптың тәрбиелік мәні туралы тұжырымды жауаптар берілді.13 февраля, 202613 февраля, 2026
Бүгін мектебімізде «Балалар әдебиеті» 10 күндік жобасы аясында «Өлең – сөз өнері», балаларға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу.Қатысушы: 4»Ғ» оқушысы Зұлпыхар Ерасыл, сынып жетекшісі Умирзахова А.Н — »Тәуелсіздік»Өлең – адам жанының айнасы, сезім мен ойдың көркем өрнегі.Қарапайым сөз өлең арқылы ерекше мағынаға ие болып, жүрекке жол табады.Өлеңде қуаныш та, мұң да, үміт те, арман да бар.Ақын жүрек сырын жырмен жеткізсе, оқырман сол жырдан өзін табады.Сондықтан өлең – тек сөз емес, ол – өнер, ол – рухани байлық.Өлең оқыған адам ойлы болады,Өлең сүйген адам нәзік болады.13 февраля, 202613 февраля, 2026
Бүгін мектеп кітапханасында: 1-күн «Балалар әдебиеті» жобасы аясында 2 «Ғ» сыныбының оқушылары (сынып жетекшісі Кокулова Т.Ж.) қатысуымен балалар әдебиетіне арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар балалар әдебиетімен танысып, ертегілер оқып, сұрақ-жауаптарға белсенді қатысты.Балалар әдебиеті – бала қиялының бастауы. 1 «Ғ» сыныбымен өткен қызықты әдеби кездесу.Мектеп кітапханасында «Балалар әдебиеті» жобасы аясында 2 «Ғ» сынып оқушыларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар әдебиетінің маңызы туралы түсіндірілді, ертегілер оқылып, қызықты әңгімелер айтылып, оқушылар белсенді қатысып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.11 февраля, 202611 февраля, 2026