Мектебіміздің ұстаздар аумақты сенбілік өткізді!🌿Бүгін мектебіміздің ұстаздары мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаны күтіп-баптау мақсатында сенбілікке шықты. Ұстаздар бірігіп, ауланы тазалап, гүлдер мен ағаштар отырғызды. Бұл шарамыздың мақсаты – мектеп ауласын таза ұстау, сондай-ақ табиғатты қорғау идеясын насихаттау. 🌱Қоршаған ортаға қамқорлық көрсету – әрқайсымыздың міндетіміз! Мұндай іс-шараларға қатысу арқылы біз ортақ мақсатқа жетуге атсалысамыз!September 24, 2025September 24, 2025
Таңғы сергектікпен күнді бастайық!Бүгінгі күнімізді 3 минуттық таңғы жаттығумен бастадық! 🏃♂️🏃♀️Оқушыларымыз бой жазып, сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөленді.Дене қозғалысы — денсаулық кепілі! 💪✨September 23, 2025September 23, 2025
Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл: №25 мектепте өткен тағылымды кездесуSeptember 11, 2025September 11, 2025
6 “ ә” сыныбының «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбындағы сынып сағатына шолуБүгін «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында өте қызықты әрі мазмұнды сынып сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің тарихы мен мәдениетін таныстыру, сонымен қатар патриоттық сезімдерді қалыптастыру болды.❤️🇰🇿September 3, 2025September 3, 2025
1 қыркүйек күні №25 орта мектебінде 1-11 сыныптар үшін ерекше мерекелік іс-шара өтті. Шараның тақырыбы «Мектебім мейірім мекені» болды. Мерекеге Аманат партиясының белсенді мүшесі, Сүгірбаев Әкежан Қайратұлы қатысып, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, «Қамқоршылар кеңесінің» төрайымы Радиховская Ирина Михайловна да қатысып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жүрекжарды сөздерін арнады.✨Шара барысында оқушылар әсем өлеңдер оқып, барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады. Өлеңдер мектептің жылы атмосферасын толықтырып, ерекше әсер қалдырды.🎉Бұл іс-шара жаңа оқу жылына серпін беріп, мектеп өмірінің мәнін түсіндірді.September 3, 2025September 3, 2025
КГУ «средняя школа №25» объявляет конкурс на замещение вакантных должностей педагогов.September 3, 2025November 21, 2025
Астана қаласы әкімдігінің «№25 орта мектеп» КММ педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды.September 3, 2025September 3, 2025
Бүгін №25 орта мектеп КММ кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – ел тірегі», «Заң үстемдігі – әділет кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.Мереке қарсаңында 7»Ғ» сынып оқушылары, кітапхана белсенділері «Ата Заң» өлеңін жатқа айтып, түрлі-түсті салынған суреттерімен пікір бөлісті. «Конституция 30 жыл» атты бейне-ролигі көрсетіліп, «Құқығым-міндетім» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.Ұйымдастырушы кітапхана меңгерушісі Жумабекова Т.К..September 3, 2025September 3, 2025
КГУ «средняя школа №25» объявляет конкурс на замещение вакантных должностей педагогов.August 29, 2025August 31, 2025
Астана қаласы әкімдігінің «№25 орта мектеп» КММ педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды.August 29, 2025August 31, 2025