Кәсіби бағдар: “Мүмкіндіктер мен таңдау” тақырыбындағы кездесу-болашаққа бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар алды. Кәсіптік мектеп жобасы аясында білім алатын Астана қаласының Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы, №25 мектеп-лицейі және №96 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары қатысты. Спикер Омарбек Көшкімбайұлының тәжірибесі мен өмірлік кеңестері әр қатысушыға ой салды деп сенеміз. Әсіресе, өз жолыңды табу, дұрыс таңдау жасау және мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жайлы айтылған ойлар көпке мотивация болды
Әр таңдау – болашаққа бастар қадам. Сол қадамды сенімді жаса!