Аталған челленджге оқушылар белсене қатысып, батыр бабалардың ерлігін насихаттап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Жас ұрпақ патриоттық өлеңдер оқып, әскери әндер орындап, ел қорғаған ерлердің өнегелі жолын дәріптеді. Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін ұмытпай, ұлттық рухты нығайту. Осындай тағылымды шаралар арқылы жастардың туған жерге деген құрметі артып, ел болашағына деген жауапкершілігі күшейе түседі.