Skip to content

Құрметті ата-аналар!

Астана қаласы әкімдігінің КММ «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» «Жас Сарбаз» мамандандырылған кадет сыныптарына оқушыларды іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.

🎖️ «Жас Сарбаз» сыныптарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Іріктеу барысында үміткердің психологиялық дайындығы, дене дайындығы және қабылдау емтихандарының нәтижелері ескеріледі.

📌 Іріктеу кезеңдері:

🧠 14 тамыз 2026 жыл — психологиялық іріктеу

⏰ Басталу уақыты — 10:00-13:00 14:00-16:00

Психологиялық іріктеу мектеп педагог-психологы тарапынан жүргізіледі. Іріктеу барысында психологиялық тестілеу және үміткермен, оның ата-анасымен (заңды өкілімен) әңгімелесу өткізіледі.

Психологиялық іріктеу қорытындысы бойынша «ұсынылады» / «ұсынылмайды» деген қорытынды шығарылады.

🏃 17 тамыз 2026 жыл — дене дайындығын тексеру

⏰ Басталу уақыты — 10:00.

Дене дайындығын тексеруге психологиялық іріктеуден сәтті өткен үміткерлер жіберіледі.

📚 18 тамыз 2026 жыл — қабылдау емтихандары

⏰ 10:00 — диктант
⏰ 12:00 — математика пәнінен тест

❗ Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

📋 19–20 тамыз 2026 жыл — қабылдау комиссиясының жұмысы

Қабылдау комиссиясы үміткерлердің конкурс нәтижелерін және ұсынылған құжаттарын қарайды.

📄 20–21 тамыз 2026 жыл — құжаттарды қабылдау

⏰ Құжаттарды қабылдау уақыты: 09:00–13:00.

📑 Қажетті құжаттар:

  1. Ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
  2. Туу туралы куәліктің немесе ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. Мектеп директоры қол қойған және мөрмен расталған оқушының мінездемесі;
  4. Соңғы оқу жылындағы жылдық бағалары көрсетілген, орташа балы есептелген ведомость;
  5. Медициналық құжаттардан үзінді;
  6. 3×4 көлеміндегі фотосурет;
  7. Жеңілдіктерге құқығын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
  8. Оқушының қоғамдық, шығармашылық және спорттық жетістіктерін растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар және басқа да құжаттар (бар болған жағдайда).

🎖️ Қабылдау емтихандарына жіберілген кандидатқа белгіленген үлгідегі емтихан парағы беріледі. Емтихан парағы қабылдау сынақтарына кіруге рұқсат беретін құжат болып табылады.

📌 Құрметті ата-аналар, іріктеудің әр кезеңінің күні мен уақытын ескеріп, оқушылардың белгіленген уақытта келуін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *