Астанада балалардың терезеден құлауына байланысты алаңдатарлық жағдай сақталуда. Жыл басынан бері 53 осындай оқиға тіркеліп, оның 12-сі қайғылы жағдаймен аяқталды.
Оқиғалардың негізгі себептері – балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және ашық терезенің қауіптілігін жете бағаламау. Әсіресе, москит торлары ерекше қауіп төндіреді. Олар баланың салмағын көтере алмайды және жалған қауіпсіздік сезімін қалыптастырады.
Ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз:
❌ балаларды ашық терезе маңында қараусыз қалдырмаңыз;
✅ арнайы терезе шектеуіштері мен блокираторларын орнатыңыз;
✅ қорғаныс торларын немесе берік қоршауларды пайдаланыңыз;
❌ москит торларын қауіпсіздік құралы ретінде қолданбаңыз;
✅ баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды алыстатыңыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығы ересектердің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
@astana_akimdigi_akimat_astana @balaquqyqqorgau.astana