Астана қаласы әкімдігінің КММ «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» «Жас Сарбаз» мамандандырылған кадет сыныптарына оқушыларды іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.
🎖️ «Жас Сарбаз» сыныптарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Іріктеу барысында үміткердің психологиялық дайындығы, дене дайындығы және қабылдау емтихандарының нәтижелері ескеріледі.
📌 Іріктеу кезеңдері:
🧠 14 тамыз 2026 жыл — психологиялық іріктеу
⏰ Басталу уақыты — 10:00-13:00 14:00-16:00
Психологиялық іріктеу мектеп педагог-психологы тарапынан жүргізіледі. Іріктеу барысында психологиялық тестілеу және үміткермен, оның ата-анасымен (заңды өкілімен) әңгімелесу өткізіледі.
Психологиялық іріктеу қорытындысы бойынша «ұсынылады» / «ұсынылмайды» деген қорытынды шығарылады.
🏃 17 тамыз 2026 жыл — дене дайындығын тексеру
⏰ Басталу уақыты — 10:00.
Дене дайындығын тексеруге психологиялық іріктеуден сәтті өткен үміткерлер жіберіледі.
📚 18 тамыз 2026 жыл — қабылдау емтихандары
⏰ 10:00 — диктант
⏰ 12:00 — математика пәнінен тест
❗ Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
📋 19–20 тамыз 2026 жыл — қабылдау комиссиясының жұмысы
Қабылдау комиссиясы үміткерлердің конкурс нәтижелерін және ұсынылған құжаттарын қарайды.
📄 20–21 тамыз 2026 жыл — құжаттарды қабылдау
⏰ Құжаттарды қабылдау уақыты: 09:00–13:00.
📑 Қажетті құжаттар:
- Ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
- Туу туралы куәліктің немесе ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
- Мектеп директоры қол қойған және мөрмен расталған оқушының мінездемесі;
- Соңғы оқу жылындағы жылдық бағалары көрсетілген, орташа балы есептелген ведомость;
- Медициналық құжаттардан үзінді;
- 3×4 көлеміндегі фотосурет;
- Жеңілдіктерге құқығын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
- Оқушының қоғамдық, шығармашылық және спорттық жетістіктерін растайтын грамоталар, дипломдар, сертификаттар және басқа да құжаттар (бар болған жағдайда).
🎖️ Қабылдау емтихандарына жіберілген кандидатқа белгіленген үлгідегі емтихан парағы беріледі. Емтихан парағы қабылдау сынақтарына кіруге рұқсат беретін құжат болып табылады.
📌 Құрметті ата-аналар, іріктеудің әр кезеңінің күні мен уақытын ескеріп, оқушылардың белгіленген уақытта келуін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!