Skip to content

Жастардың патриоттық рухын арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 2026 жылғы 8 мамыр күні барлық білім беру ұйымдарында «#БатырдыңҰрпағымын» атты әлеуметтік желі челленджі ұйымдастырылды.

Аталған челленджге оқушылар белсене қатысып, батыр бабалардың ерлігін насихаттап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Жас ұрпақ патриоттық өлеңдер оқып, әскери әндер орындап, ел қорғаған ерлердің өнегелі жолын дәріптеді. Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін ұмытпай, ұлттық рухты нығайту. Осындай тағылымды шаралар арқылы жастардың туған жерге деген құрметі артып, ел болашағына деген жауапкершілігі күшейе түседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *