Бүгін мектеп кітапханасында «Балалар әдебиеті»,«Кітап және тәрбие» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. 8»Ғ» сынып оқушылары, жетекшісі Раймаева А.ӘКітап – рухани тәрбие құралы.Қазақ әдебиетінде тәрбие мен ұлттық құндылықтарды терең насихаттаған тұлғалардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Жазушы шығармаларында: үлкенді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтау жауапкершілік адалдық пен әділдіксияқты қасиеттер дәріптеледі. Қорытындылай келе, Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлттық тәрбиенің алтын қазынасы. Кітап оқу арқылы біз рухани бай, саналы, білімді тұлға болып қалыптасамыз.Іс-шара негізгі бөлімінде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында ой қозғау сұрақтары ұйымдастырылды.Оқушылар «Кітап адамға қандай тәрбие береді?», «Қазіргі жастар кітапты не үшін оқуы керек?» сияқты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар белсенділік танытып, кітаптың тәрбиелік мәні туралы тұжырымды жауаптар берілді.