Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Отанды сүюдің маңызын түсіндіру, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін насихаттау және жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру болды. Сынып сағаттары барысында оқушылар Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен танысып, Отан қорғаушылардың ел қауіпсіздігін сақтаудағы маңызды рөлі туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, батырлар туралы бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік мәні зор әңгімелер мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің патриоттық өлеңдерін оқып, әндер орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі артып, азаматтық жауапкершілігі нығая түседі.





