АСТАНАДА 18 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІР МЕЗЕТТЕ АСЫҚ ОЙНАДЫ Астанада 18 мыңнан астам бала бір уақытта қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын ойнады. Ауқымы жағынан ерекше бұл іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды. Цифрландыру жылы аясында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Ірі мәдени-спорттық шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Елордадағы Жекпе-жек сарайының алаңында 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысты. Олар арнайы композицияға тұрып, асықтың «Алшы» келбеті мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі. Музыкалық әуенмен балалар флешмобтың көркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады.�Бағдарламаны толықтай Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді. Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде – асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады. Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады. Мәдени-спорттық іс-шараның басты мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.March 18, 2026March 18, 2026
1 «Ә» сынып оқушылары мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, игі іс жасады. Оқушылар азық-түлік жинап, көмекке мұқтаж отбасыларға таратты. Кішкентай жүректердегі үлкен мейірім – қоғамға үлгі. Жақсылық жасау – әрқайсымыздың қолымыздан келедіMarch 18, 2026March 18, 2026
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында мектебіміздің ер азаматтары ұжымдағы аруларды құттықтап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнады.March 18, 2026March 18, 2026
Астана қаласы әкімдігінің “Балаларға қосымша білім беру оқу -әдістемелік орталығы” КММ ұйымдастыруымен Астана қаласының мектептері арасында өткен «Әке мен бала – бір команда» сайысына қатысып, «Асық ату» номинациясы бойынша 7 «Ғ» сынып оқушысы Тұрсынәлі Әлрахман және әкесі Мекенбек Дәурен Тұрсынәлі III орын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!March 18, 2026March 18, 2026
Қасиетті Рамазан айында №25 мектеп ұжымы бірлесе отырып қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұжым болып азық-түлік жинап, мұқтаж отбасыға табыстадық. Жақсылық жасап, сауапты іске атсалысқан барша мектеп ұжымына алғысымыз шексіз! Бірлігіміз жарасып, мейіріміміз арта берсінMarch 18, 2026March 18, 2026