«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарау., 1-параграфы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- Астана қаласы әкімдігінің «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –
– Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 2.0 бірлік.
– Математика пәні мұғалімі (қазақ сыныптарда) –1.0 бірлік;
– Математика пәні мұғалімі (орыс сыныптарда) –1.5 бірлік;
– Әлеуметтік педагог (қазақ, орыс сыныптары) – 1.0 бірлік;
– Хореограф – (қазақ, орыс сыныптары) 1.0 бірлік.
– Педагог- логопед (қазақ, орыс сыныптары) – 1.5 бірлік.
– Педагог-дефектолог (қазақ, орыс сыныптары) – 1.5 бірлік.
-Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі (орыс сыныптары) – 1.5 бірлік;
-Педагог-психолог (қазақ сыныптарда) –1.0 бірлік;
-Педагог-психолог (орыс сыныптарда) –2.0 бірлік;
-Физика мұғалімі (қазақ сыныптарда) –1.0 бірлік;
бос лауазымына конкурс жариялансын.
2.Конкурсты өткізу күні-14.09.2026ж. бастап 23.09.2026ж дейін.; өткізу уақыты – жергілікті уақыт бойынша 11:00; өткізу орны – Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 10-үй мекенжайындағы Астана қаласы әкімдігінің «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.
3. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны мектептің ресми сайтында және nobd.edu.kz және enbek.kz сайттарында хабарлама жарияланып, конкурс өткізу жұмыстары жүргізілсін.
4. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамамен рәсімделіп, шешімі мектеп басшысына ұсынылсын.
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттары қабылдансын.
6. Конкурстық комиссияның құжаттарын қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттары қаралсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Директор А.О.Киянов