Skip to content

Бүгін мектебімізде 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға 1 және 11-сынып оқушылары қатысып, білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндер мен үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақжарма тілектер айтылды. Шараның арнайы қонағы – «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы Дәулетова Мадина Оналбекқызы және педагогикалық ұжымның басшысы, мектеп директоры Киянов Алмаз Оралович оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Әрбір қоңырау жаңа білімге, жарқын жетістіктер мен үлкен белестерге бастай берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *