Skip to content

Балақайлар мектебі

«Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады.

Астана қаласы әкімдігінің «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Бағдарламаның мақсаты – балаларды мектеп өміріне психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан дайындау, оқу әрекетіне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында бүлдіршіндер сауат ашу негіздерімен, математикамен, сөйлеуді дамытумен, қоршаған ортамен танысумен қатар, шығармашылық жұмыстарға қатысып, дамытушы ойындар ойнайды.

«Балақайлар мектебі» – әр баланың мектепке сенімді қадам басуына және жаңа ортаға жеңіл бейімделуіне бағытталған маңызды бағдарлама.

«Ойын арқылы – білімге, білім арқылы – болашаққа!»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *