Skip to content

Мектебімізде «Тәжірибеден – шеберлікке, еңбектен – нәтижеге!» атты тәлімгерлер апталығы басталды. Апталықтың шымылдығы дәстүрлі емес, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ламбада биімен түріліп, оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Бұл формат оқушылардың қызығушылығын арттырып, апталықтың басталуына серпінді әрі заманауи сипат берді. Ашылу барысында тәлімгерлер апталығының жоспары таныстырылып, алдағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақыру жасалды. Апталық аясында түрлі танымдық, шығармашылық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *