Кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің жедел уәкілі Мусеева Дина Нұртаcовна қатысып, «Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің зияны, оның адам өмірі мен денсаулығына тигізетін кері әсері, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары, бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылданудың маңыздылығы және дұрыс өмірлік бағыт таңдау туралы маңызды кеңестер айтылды. Кездесуге 8–11 сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.