Skip to content

Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл: №25 мектепте өткен тағылымды кездесу

      Астана қаласы, 11 қыркүйек 2025 жыл — Бүгін Астана қаласындағы №25 мектепте Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл толуына орай әскери-патриоттық бағыттағы тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараға соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлер, педагогтер мен оқушылар қатысты.

Мақсаты – өскелең ұрпаққа Ауған соғысының тарихи маңызын түсіндіру, жауынгерлердің ерлігін үлгі ету, патриоттық рухты көтеру және жасөспірімдердің Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Кештің құрметті қонақтары ретінде Ауған соғысының ардагерлері –

Сембек Мажитұлы мен Сәбит Жұмашұлы арнайы шақырылып, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Олар оқушылармен ашық диалог құрып, нағыз ерлік пен елжандылықтың маңызын жеткізді.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан ресми меймандар:

Айдархан Шыңғысханұлы Маханбет – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төраға орынбасары;

Күнімбала Ізтөлеуқызы Баяхметбаева – Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» әдіскері, ардагер-ұстаз;

Нұргүл Мендалықызы Мұсаева – Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі, аға лейтенант;

Әмірхан Ержанұлы Алпысбай – Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі, капитан.

Іс-шара барысында оқушылар мен қонақтарға патриоттық әндер, би қойылымдары, құрмет қарауылының дефилесі, сондай-ақ қару-жарақты шашып-жинау бойынша әскери сайыс көрсетілді. Бұл бөлімдер қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Кеш соңында ардагерлерге алғыс білдіріліп, жас буын өкілдерімен естелік суретке түсіп, еркін сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *