Skip to content

Бүгін №25 орта мектеп КММ кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – ел тірегі», «Заң үстемдігі – әділет кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.Мереке қарсаңында 7»Ғ» сынып оқушылары, кітапхана белсенділері «Ата Заң» өлеңін жатқа айтып, түрлі-түсті салынған суреттерімен пікір бөлісті. «Конституция 30 жыл» атты бейне-ролигі көрсетіліп, «Құқығым-міндетім» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.Ұйымдастырушы кітапхана меңгерушісі Жумабекова Т.К..

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *